KZ

Инфографика ОСМС

Понедельник, 23 февраля 2015 12:20

В 2015 году по Республике Казахстан внедряется образовательный проект «Молодежь и лекарства»

Автор
Оцените материал
(0 голосов)

Динамично развивающийся фармацевтический рынок предоставляет населению все больше различных лекарственных средств. Человеку даже с медицинским образованием очень сложно ориентироваться в этом обилии препаратов.  Именно поэтому, в 2015 году Лекарственным информационно-аналитическим центром Республиканского центра развития здравоохранения по всей стране внедряется образовательный проект «Молодежь и лекарства» среди студентов ВУЗов и колледжей с охватом около 7 тысяч человек. 

 

Целью данного проекта является формирование разумного отношения подрастающего поколения к лекарствам и ответственности за свое здоровье. После участия в проекте мы надеемся, что студенты ВУЗов и колледжей будут владеть навыками поиска достоверной информации о лекарствах и правильного применения лекарственных средств.

Международная практика показывает, что разумное отношение человека к приему лекарственных средств закладывается уже с детства и необходимо как можно раньше формировать правильные алгоритмы поведения в отношении собственного здоровья. В настоящее время в Республике Казахстан, как и в большинстве стран СНГ, уделяется недостаточно внимания образованию молодежи в области применения лекарственных средств.

Основным инструментом образовательного проекта является интерактивный тренинг. Тренинг - интенсивная форма обучения за короткий промежуток времени (два дня), которая сочетает краткие теоретические семинары и практические навыки в виде ролевых игр, групповой работы и мозгового штурма. Задача тренера - дать импульс участникам найти самостоятельное решение в той или иной ситуации с помощью определенных упражнений.

Дополнительную информацию о проекте Вы можете узнать по телефону 8 (7162) 33-51-44.

 

Мы созданы, чтобы помочь Вам! 

Лекарственный информационно-аналитический центр

РГП на ПХВ «РЦРЗ» МЗСР РК

 

8 800 080 88 87 (звонок по Казахстану бесплатный)

 

www.druginfo.kz

 

2015 жылы Қазақстан Республикасы бойынша «Жастар және дәрі-дәрмектер» білім беру жобасы енгізіледі

                  

Серпінді дамып келе жатқан фармацевтикалық нарықтың халыққа ұсынатын әр түрлі дәрілік заттарының саны барған сайын артып келеді. Тіпті медициналық білімі бар адамның осынша көп препараттардың арасында бағдар табуы өте қиын. Міне сондықтан да, 2015 жылы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы  бүкіл ел бойынша шамамен 7 мың адамды қамти отырып, ЖОО мен колледж студенттері арасында  «Жастар және дәрі-дәрмектер» білім беру жобасын енгізбек. 

Бұл жобаның мақсаты өскелең ұрпақтың дәрілерге деген дұрыс көзқарасын және өз денсаулықтарына деген жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады. Жобаға қатысқаннан кейін ЖОО мен колледж студенттері дәрілер және дәрілік заттарды дұрыс қолдану туралы шынайы ақапараттарды іздеу дағдысына ие болады деп сенеміз. 

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, адамның дәрілік заттарды қабылдауға деген саналы көзқарасы бала кезден қалыптасады, сондықтан өз денсаулығына дұрыс қарау дағдыларын мүмкіндігінше ерте қалыптастыру қажет.  Қазіргі уақытта, ТМД елдерінің көпшілігі сияқты, Қазақстан Республикасында да жастардың дәрілік заттарды пайдалану саласындағы біліміне жеткіліксіз көңіл бөлінеді. 

Білім беру жобасының негізгі құралы интерактивті тренинг болып табылады. Тренинг – теориялық семинарлар мен рөлдік ойындар, топтық жұмыс пен ой-талқы түріндегі тәжірибелік дағдылардан тұратын қысқа мерзімде (екі күн) оқытудың қарқынды түрі. Жаттықтырушының міндеті – белгілі бір жаттығулардың көмегімен қатысушыларды қандай да бір жағдайда болмасын өз бетімен шешім табуға ынталандыру. 

Жоба туралы қосымша ақпаратты Сіз 8 (7162) 33-51-44 телефоны арқылы біле аласыз. 

 

Біздің көмегіміз Сіздерге арналады! 

ҚР ДСӘДМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК 

Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы 

 

8 800 080 88 87 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) 

 

www.druginfo.kz 

 

 

 

 

Прочитано 3180 раз Последнее изменение Вторник, 24 февраля 2015 03:54